Атырауда медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Енді бұл лауазымды Ұмытхан Мусабаева атқаратын болды.

 Ұмытхан Мусабаева
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Ол 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын фармацев-провизор мамандығымен бітірген. 

Еңбек жолын 1986 жылы Атырау облыстық дәріхана басқармасына қарасты №40 дәріхананың провизор-аналитигі болып бастаған. 2003-2004 жылдары аралығында «Медицина» ЖАҚ-та №7 дәріхананың провизоры болған. 

2005-2008 жылдары Атырау облыстық женсаулық сақтау басқармасынының бас маманы болып жұмыс істеген. 2008-2023 жылдары аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2023 жылдан осы тағайындалғанға дейін аталған департаментте басшының міндетін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыстан қуылған бас директоры орнына қайта отырғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар