Атырауда пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды
АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау облысында ер адамды пойыз қағып кетті. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 13 тамыз түнде болған. Әлеуметтік желіде теміржол бойында ер адамды пойыз қағып кеткеннен кейін түсірілген видео тарады.
Қазіргі уақытта Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
- Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды,-деп хабарлады Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
Бұған дейін Шымкент-Бадам тасжолында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бір әулеттің үш мүшесі көз жұмғанын хабарлаған едік.