Атырауда су басқан аумақтардағы бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді

АСТАНА. KAZINFORM - Атырауда тасқын аумақтарында жел көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді, деп хабарлайды облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы.

200 солдат и полсотни спасателей возводят дамбы вокруг древнего городища Сарайшык
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғуда. Желдің көтерілу жылдамдығы секундына 6-11 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Сондай ақ, Атырау қаласында жел күшеюде. Желдің соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.



Еске сала кетелік, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында - 896 см (шекті деңгейі - 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі - 850 см), Атырау қаласында 592 см ( шекті деңгейі - 550 см) құрады.