Атырауда 45 жастағы әйел тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап, мерт болды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында 45 жастағы әйел көппәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

суицид
Фото: instagram.com/atyrauoil.official

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Оқиға бүгін, 9 қаңтарда болған. 

— Күндізгі сағат 11:00 шамасында 1979 жылғы әйел Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінің 8-қабатынан құлаған. Қазір әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Әйелдің тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себебі тергеу кезінде анықталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында төбелестен 1 адам мерт болып, 2-еуі ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар