Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда жағымсыз иіске байланысты ауа сапасы тексеріліп жатыр

АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырауда 8 шілде кешке қала тұрғындары ауада жағымсыз иістің таралғанына шағымданды. Осыған байланысты облыстық экология департаментінің қызметкерлері атмосфералық ауаның сапасына сынама алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

а
Фото: облыстық Экология департаменті

Экология департаментінің мәліметінше, зерттеу желдің бағыты ескеріліп, өндірістік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарынан тыс аумақтарда жүргізіліп жатыр.

Алынған сынамалар зертханалық талдаудан өткізіліп, атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың мөлшері анықталады. Зерттеу қорытындысы шыққаннан кейін оның нәтижесі қосымша жарияланады.

Бұған дейін Атыраудың ауасына тікелей әсері бар Атырауда «Квадрат» булану алаңын тазалау жұмысы жоспардан кешігіп жатқанын жазған едік.