Атырауда жол апатынан мопедтің жасөспірім жолаушысы мерт болды

Мопед, мотоцикл, транспорт
Фото: freepik.com

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда жол апатынан мопедтің жасөспірім жолаушысы мерт бооды. Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 сәуірде болған.

"Бүгін сағат 18:30 шамасында Атырау қаласындағы Құрманғазы-Луговая көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Toyota Ipsum автокөлігінің рульіндегі 1979 жылғы жүргізуші солға бұрылмақ болған. Сол кезде қарсы бағытта келе жатқан мопедпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мопедтің жолаушысы – 2008 жылғы жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады полиция басқармасынан.

Қазір жол апатына байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар