Атыраудағы арналардың бірінде балық шабақтарына қауіп төнді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласы Алмалы ауылы тұсындағы Сарыөзек арнасында балық шабақтарына тұншығу қаупі туындады. Бұл жөнінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәлімдеді.

Атыраудағы арналардың бірінде балық шабақтарына қауіп төнді
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

Шабақтардың басым бөлігі мөңке (карась) балығына тиесілі. Шабақтардың жиналған аумағы шамамен 100 шаршы метрді құрайды, арнаның тереңдігі 1 метр.

Атыраудағы арналардың бірінде балық шабақтарына қауіп төнді
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

— Сарыөзек арнасы Махамбет ауданынан бастау алады. Жайық өзенінен шамамен 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл арнаға «Табиғат» мемлекеттік мекемесі жауапты болғандықтан осы мекемеге және жергілікті атқарушы органдарға хабарланды. Бөлім мамандары қазіргі кезде шабақ құтқаруға арналған құралдарды әкеліп, шабақ құтқару жұмыстарын ұйымдастырады, — деп хабарлады инспекция.

Осыған дейін Шымкенттегі Бадам өзенінде балықтың неге қырылып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар