Атыраудағы ерлер түрмесінде төбелес болып, сотталушы көз жұмды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында болған жанжал адам өлімімен аяқталды.

а
Фото: ҚР ІІМ

Оқиға 22 наурыз күні болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан олардың бірі ауыр дене жарақатын алып, көз жұмған.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді,-деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жетісу облысында 13 пәтерді ұрлаған екі ер адам ұсталғанын жазған едік.