Атыраудағы KPI зауытынан өрт шықты

АТЫРАУ. KAZINFORM — Kazakhstan Petrochemical Industries ЖШС аумағында полимерлі заттың өздігінен түтіндеуі тіркелді.

Атыраудағы KPI зауытында өрт шықты
Видеодан алынған кадр

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құрамында триэтилалюминий іздері бар полимерлі зат биг-бэгтерде сақталған.

Материал кәсіпорында жүргізіліп жатқан жоспарлы тоқтату-жөндеу жұмысы кезінде жабдықтарды тазалау барысында жиналған. Өрт жедел сөндірілген.

Компания жағдай жедел бақылауға алынып, сағат 14:00–де толық қалпына келгенін мәлімдеді

— Зардап шеккендер жоқ. Жабдықтар мен мүлікке залал келген жоқ. Қызметкерлерге және өндірістік үдеріске қауіп төнген жоқ. Жағдай кәсіпорын мамандарының бақылауында, - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.