Атыраудағы мамандандырылған мектеп-лицей өртенді

АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырау қаласындағы Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан өрт шығып, шатыры қызыл жалынға оранды. 

Атыраудағы мамандандырылған мектеп-лицей өртенді
Фото: видеодан алынғане скрин

Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға бүгін 10:43–те түскен.10 техника мен 70-ге жуық адам жұмылдырылып, 12:57–де толық сөндірілген.

— Жеке құрам оқиға орнына жеткенге дейін мектеп ішіндегі қызметкерлер сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ, — деді Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Жантөре Демешов.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шатырдың 280 шаршы метрін қамтыды.

Бұған дейін ШҚО ормандарында өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланғанын жазған едік