Атқарылмаған құрылыс жұмыстары үшін ? 33 млн. теңге

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Шымкенттік шенеуніктерді Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тартты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шымкент қалалық әкімдігі коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі бұрынғы бастығының үстінен «Қызметтік жалған құжат жасағаны үшін» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оған тексеру барысында ашылған факті негіз болды. Қаржы полициясы бұрын лауазымды қызмет атқарған шенеуніктің 2007 жылдың тамызында жалған құжат жасағанын ? Шымкент қаласының аумағындағы автопаркингті абаттандыру бойынша ЖШС-нің біріндегі құрылыс жұмыстарының актісіне қол қойғанын анықтады. Құжатқа сәйкес құрылысшылар 33,5 млн. теңге соманың жұмысын жүзеге асырған. Іс жүзінде бұл ЖШС ешқандай да жұмысты орындамаған. Істің мән-жайына тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар