Аттестаттаудың қорытындысы бойынша Астана ІІД-нің 115 қызметкері жұмыстан шығарылуға, 124-і қызметін төмендетуге ұсынылды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының ішкі істер департаменті құқық қорғау органдарының қызметкерлері тапсырған кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысын жариялады.

Аттестаттаудың  қорытындысы бойынша Астана ІІД-нің 115 қызметкері жұмыстан шығарылуға, 124-і қызметін төмендетуге ұсынылды

 Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Астаналық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың сөзіне қарағанда, өңірлік аттестация комиссиясының шешімі бойынша 115 қызметкер жұмыстан шығарылуға, 124-і қызметін төмендетуге ұсынылды. Астаналық полиция құрылымының қызметкерлерінің 76,7 пайызы қызметіне лайық деп танылды, 4,05 пайызы кадр резервіне есепке қоюға немесе қызметін жоғарылатуға ұсынылды. Қызметкерлердің 10,1 пайызы басқа қызметке ауыстырылуға ұсынылды.