Аты аңызға айналған Александр Карелин қазақтардың қонақжайлылығына ризашылығын білдірді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Олимпиадалық ойындардың үш дүркін чемпионы Александр Карелин бүгін Шығыс Қазақстан облысына келген сапары аясында Ұлан ауданында болып, қазақтың кең пейілді қонақжайлылығын ерекше атап өтті.
None
None

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов атындағы кентінде аты аңызға айналған ресейлік палуанды досы - қазақтың белгілі спортшысы Дәулет Тұрлыхановпен бірге ұлттық нақыштағы салт-дәстүрімізбен құшақ жая қарсы алды.

Ауылға кіреберісте спортшыларды қазақтың ұлттық киімдерін киген ару қыздар қарсы алды, олар ұлттық тағамнан дәм таттырып, шашу шашып, Ұлыстың ұлы күні Наурызбен құттықтады. Александр Карелин досы Дәулет Тұрлыхановтан бұл мереке туралы көп естігенін айтып, шығыс мерекесінен алған әсерін ақпейілді тілекпен білдірді. "Мұнда келу себебім - Дәулет Тұрлыхановты қолдап, оның туған жерінде бой көтерген Болат Тұрлыханов атындағы тамаша спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысу болатын. Біздің делегациямыздан басқа, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен Қалбатау ауылына жергілікті командамен бақ сынасуға Новосібірден де жігіттер келді", - деді спортшы.

Үш дүркін чемпион Александрдың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы грек-римдік күрес бойынша құрама арасындағы жекпе-жекте жаңа есімдер жарқырап шығатынына сенімді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығынан.

Еске сала кетейік, классикалық стиль (грек-римдік) палуаны Александр Карелин Олимпиадалық ойындардың үш дүркін чемпионы, 9 дүркін әлем чемпионы, 12 рет Еуропа чемпионы, «Әлемнің абсолюттік чемпионы» кубогының жеңімпазы, РФ батыры, РФ Мемлекеттік думасының депутаты.

Соңғы жаңалықтар