08:17, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
                                        Аты аңызға айналған рок-н-ролл стиліндегі әндерді орындаушы Чак Берри қайтыс болды
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Рок-н-ролл стиліндегі әндерді орындайтын аты аңызға айналған  американдық Чак Берри сенбі күні 91 жасында өмірден озды.
                                        
                                        
                                     
                                              Үйінде болған музыкант ессіз-күйге түскен. Оқиға орнына Миссури штатындағы Сент-Чарльз округі полициясының қызметкерлері шұғыл жетеді. Бірақ ағашқы медициналық көмек көрсетілгенімен оны ажалдан арашалап қала алмады.
Полиция қайтыс болған ер адам - музыкант Чак Берри екенін мәлім етті.