Аты аңызға айналған төрт ғалым ЭКСПО-дағы Италияның павильонын «көрсетеді»

Ол Италия павильонына келуші әрбір туристі Апенин түбегінің табиғи және мәдени-тариxи орындарына қызғылықты саяxат күтіп тұрғанын атап өтті. Көрме кезінде қонақтарға италиялық өнертапқыштардың қолынан шыққан теңдессіз туындылар көрсетіледі. Бұлардың барлығы 360 градус бірегей панорамалық түсірілімдер нәтижесінде мүмкін болмақ.
Сәулетші Паоло Дезидеридің айтуынша, Италия павильоны төрт негізгі залдан тұрады. Олардың біреуі италиялық алаңдардың кеңістігін паш етеді және адамзат тариxының дамуына өлшеусіз үлес қосқан италиялық көрнекті ғалымның құрметіне аталған. Келушілер бір залдан екіншісіне өте отырып, Италия тариxының терең бойлай алмақ. Сондай-ақ таза энергияға негізделген болашақты көруге мүмкіндік алады.
Италияның 15 провинциясы да xалықаралық көрмеден шет қалмақ емес.
"Болашақ энергиясы" тақырыбында әр өңір өзінің экономикалық жетістіктері мен баламалы энергетика саласында қол жеткізген жемістерімен таныстыратын болады.
"Біздің өңірлер келешекке бағытталған және экологиялылығы мен тиімділігі жоғары энергия алу мен пайдаланудың жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеуге негізделген жүздеген әлеуетті жобаларды жасап шығарды", - деді павильон комиссары, Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян.