Атырау агротехникалық колледжінің белгісіз газға уланған 16 оқушысының өміріне қауіп жоқ

АТЫРАУ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау  агротехникалық  колледжінің белгісіз газға уланған 16  оқушысының өміріне   қауіп   жоқ. 
None
None

  Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне    облыстық денсаулық сақтау   басқармасы бастығының  орынбасары Түркіменбай Нұржігітов     хабарлады.

 Естеріңізге сала кетейік,  кеше  шамамен  сағат 17.00-лерде белгісіз біреу  Агротехникалық  колледждің    дәлізіне  белгісіз  газ шашқан.  Облыстық іші істер департаментінің   ақпараты  бойынша,   көптеген   оқушылар мен  оқытушылардың  тынысы  тарыла  бастағаннан кейін,    адамдарды жаппай көшіру   шарасы  басталған.    Ғимараттан барлығы 100-ден астам  адам көшірілді.  16 адам     қала ауруханаларына     жеткізілді.

 «Колледж  оқушылары  белгісіз   газдан улану   диагнозымен ауруханаларға  түсті.  Бірнеше адам емханалардың   жансақтау бөлімдеріне және барокамераларға   жатқызылды.   Медиктер  оларға түні  бойы      көмек көрсетті.  Таңғы сағат 11-дегі  жағдай  бойынша,  оқушылардың барлығының  жағдайы - қанағаттанарлық.     Алдағы  сағаттарда бірнеше адам  ауруханадан    жазылып шығады»,  - деп хабарлады  Т.Нұржігітов.

 Алдын-ала мәліметтер  бойынша,    оқушылар   «бұрышты»  газ баллоннан уланған. Оқиғаның  мән-жайын анықтау  үшін    қалалық ішкі істер бөлімінде   жедел-тергеу  тобы     құрылды,    оқытушылар  мен студенттерден  жауап  алынуда.

Соңғы жаңалықтар