Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау-Ақтау тас жолының бойында медициналық-құтқару пункті ашылды

АТЫРАУ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысында Атырау-Ақтау тас жолының бойында медициналық-құтқару пункті ашылды.

Атырау-Ақтау тас жолының бойында медициналық-құтқару пункті ашылды

Доссор кентінің маңында жұмыс істейтін құтқару пункті «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.

Ол жол-көлік апатында және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарға жедел жәрдем көрсетуге арналған. Бірінші кезекте, екі облысты байланыстыратын тас жолындағы қар құрсауында қалғандарға көмек көрсетуді көздейді.

Құтқару пунктінде 2 ауысымға бөлінген 10 адам жұмыс істейді. Әр ауысымда дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші-құтқарушы және құтқарушы болады. Пункттің жеке Hyundаi County реанимобилі бар.