16:29, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Атырау әуежайында «күдік тудыратын зат» үшін рейстердің кешігуі болды - көлік прокуратурасы
АТЫРАУ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 27 қараша күні Атырау әуежайында рейстердің кешігуінің, содан кейін табылған жарылыс заты туралы өсек-аяңның шығуының себебі «күдік тудыратын зат» болды.

Бүгін Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінде хабарлағандай, «күдікті зат әуевокзалы дәретханаларының біріндегі қоқыс шелегінде табылды». Табылған зат туралы хабарды алған соң, әуежайға құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері келіп жетті. Рейстердің қонулары мен ұшулары тоқтатылып, әуежай ғимараты мұқият тексерілді. Содан кейін ғана әуежай ашылып, ұшақтардың ұшып шығулары қайта басталды.
Жергілікті құқық қорғау органдары қаланы дүрліктірген алып қашпа сөздерге қарамастан, жағдайға түсінік бермей отыр.