Атырау әйелдері референдумды жақтайды

Оған Атырау қаласы мен облыстың барлық аудандарынан әйелдер қатысты. Олар - еңбек ардагерлері, саяси партиялардың, ҮЕҰ өкілдері, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, кәсіпкерлер, мүгедек әйелдер, көп балалы аналар.
Форумда сөз алғандар Президенттің тапсырмасымен қабылданған гендерлік теңдік стратегиясының арқасында елімізде әйелдер ерлермен бірдей құқыққа ие болып отырғанын атап көрсетті. Атырау облысында 18 әйел мәслихаттар депутаты, облыс және қала әкімдерінің әйел орынбасарлары бар. Көптеген әйелдер ірі компанияларда жетекші қызметтерде жүр, кәсіпкерлікпен ойдағыдай айналысуда.
«Осының барлығы әйелдер ісіне ден қойып, біздің алдымыздан кең жол ашқан Президентіміздің зор қолдауы арқасында мүмкін болып отыр. Ең бастысы, елімізде тыныштық пен келісім жарасқан. Атырау облысында әр түрлі 112 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Біз бір үлкен отбасы ретінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Біз осы үрдіс одан әрі жалғасқанын қалаймыз. Біз өзіміздің одан әрі өмірімізді Президентімізбен байланыстырамыз», - деп мәлімдеді мектеп-интернаттың оқытушысы Раиса Биткова.
Форумға қатысушылар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу идеясын бірауыздан қолдады.
Форумды өткізуге облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия бастамашы болды.