Atyrau Creative Hub: жастардың технологиялық және әлеуметтік жобалары тоғысты

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атыраудың креативті жастары жасанды интеллект арқылы түрлі AI жобалар жасап, 3D модельдеу нәжижесінде түрлі заттар мен бөлшектерді дайындауға мүмкіндік алды.

Atyrau Creative Hub: жастардың технологиялық және әлеуметтік жобалары тоғысты
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Шығармашылық пен ізденіске құштар атыраулықтардың басын қосатын Atyrau Creative Hub үш бағыт бойынша жұмыс істейді.

Олар:

— Шығармашылық
— Әлеуметтік жобалар
— Жасанды интеллект

компьютер
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жастар жасанды интеллект арқылы видеомейкинг, дизайн, адамдардың миындағы нейрондардың қозғалысын анықтайтын, төтенше жағдайдың алдын алатын жобалар жасап, өз өнімдерін сатып, дамытып келеді. Енді олардың басы осы орталықта қосылмақ.

— Мысалы, біздің креаторлар видеоаналитика жобасын дайындап, камералар арқылы адамдардың қозғалысын, санын анықтайтын жоба жасап шығарды. Жалпы ЖИ бағытына қызығушылық жоғары. Жаңа кеңістік сол жастарды жинап, сапалы әрі нарыққа қауқарлы өнім дайындауға мүмкіндік береді деп ойлаймын, — деді ЖИ-мен айналысатын жас Алтынбек Өтегенов.

Atyrau Creative Hub: жастардың технологиялық және әлеуметтік жобалары тоғысты
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Мұндағы тағы бір ерекше бағыт — 3D модельдеу арқылы түрлі зат жасап шығару.

Арнайы қондырғылар арқылы әртүрлі салаға қажетті бұйымдар дайындалады.

— Біз мұндағы принтерлер арқылы моделін жасаған заттарды сапалы түрде жасап шығарамыз. Жеке тапсырыс қабылдаймыз. Техникаларға қажетті бөлшектер біздің елде болмауы мүмкін. Нобайын жасап, дайын бұйым шығарамыз, — деді Сұлтан Каримов.

Atyrau Creative Hub: жастардың технологиялық және әлеуметтік жобалары тоғысты
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бүгін көптің назарына Каспий және Арал теңізінің, сондай-ақ Жайық өзенінің қазіргі жағдайына түрлі бағытта қарауға мүмкіндік беретін «Көркем» ретроспективалық көрме ұсынылды. Бұл жұмыс фронтир ұғымы, экология, қоршаған ортамен өзара әрекет, далалық және зерттеудің нәтижесі.

Atyrau Creative Hub: жастардың технологиялық және әлеуметтік жобалары тоғысты
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Орталықта коворкинг, оқу аудиториялары, медиа студиялар, конференц-залдар, кітапхана, сондай-ақ демалыс аймақтары қарастырылған. Бүгінде хаб жетекшілері аудандар мен қаладағы креативті жастардың тізімін жасақтап жатыр. Алдағы уақытта оларға арналған түрлі шеберлік сағаттарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Atyrau Creative Hub: жастардың технологиялық және әлеуметтік жобалары тоғысты
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бұған дейін Атырауда кретивті индустрияны дамытуға бағытталған хаб ресми түрде жұмысын бастағаны жөнінде жазған едік.