Атырау қалалық сотында суицид оқиғасы орын алды

АТЫРАУ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін №2 Атырау қалалық сот залында екі айыпталушы тамырларын кесіп жіберді. Мұндай қадамды олар өздеріне қарсы ұйымдастырылған қылмыстық іске наразылық ретінде жасаған.
None
None

Айыпталушылардың қорғаушысы Ұран Дәулетовтың болжамы бойынша, қорғаушыларының бірі үйінің қасында орналасқан дүкеннің иесімен ұрсысып қалып, оны жәбірлеген. Кешке досымен бірге олар кешірім сұрау үшін дүкенге келген, бірақ ешқандай түсініктемесіз кезекші полиция патрульдерінің қолына түскен.

Айып тағушылардың болжамы бойынша, сотталушылардың біреуі дүкен иесін жәбірлеп қана қоймай, оны пышақпен қорқытқан. Сонымен қатар, оның жанында жолдасы да болған, бірақ оқиға орнында сауда нүктесінің иесінен басқа куәгерлер болмаған. Әйтсе де, сотқа қатысқан прокуратура өкілі айыпталушылардың біреуін 9 жылға, екіншісін 6 жылға бас бостандығынан айыруға өтініш білдірген. Осыдан кейін айыпталушылар тамырларын кесіп жіберген.

Екі айыпталушы да медициналық-санитарлық бөлімге жеткізілген. Олардың жағдайы қалыпты деп отыр.

Соңғы жаңалықтар