Атырау қаласындағы ҚР ІІМ училищесінің оқытушыларына арналған екі күндік тренинг өткізілді

- Атырау облысында екі мыңнан астам полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың білімдерін көтеру және қайта даярлау мәселелеріне ІІМ мен ІІД басшылары көп көңіл бөледі. Бүгінгі таңда полицейлерді тек қана арнайы пәндерге, яғни жауынгерлік дайындық негіздеріне оқытып қана қоймай, адам құқықтары жөнінде жеткілікті дәрежеде білім беру қажет, - деді Александр Викторович Муха. Училище қабырғасында өткен тренинг маңызды әрі ерекше өтті. Қатысушылар бастапқыда тренингтің жұмыс ережелерін анықтап, өз ұсыныстарын енгізді, туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге тырысты, тренинг оқытушыларының берген тапсырмаларын оңай орындап шықты.
Тренинг аяқталысымен оған қатысқандардың барлығы да сертификатқа ие болды. Енді Атырау қаласы ІІМ училищесінде адам құқықтары жөнінде жаңа пәннен арнайы курстар енгізілетін болады.