21:30, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Атырау мұнай өңдеу зауыты айтарлықтай кеңейтілетін болады
АТЫРАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы жаңартылады және кеңейтілетін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Атырау мұнай өңдеу зауытында таяудағы 4-5 жыл ішінде 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилолды шығаратын кешеннің құрылысын салу жоспарланған. Бұл хош иісті көмірсутегі пластмассадан жасалатын бұйымдардың кең көлемін шығаратын Қазақстанда құрылып жатқан мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат болып табылады.
Сонымен қатар, мұнайды тереңнен өңдейтін жаңа кешеннің құрылысын салу жоспарланған. Бұл құрылысты салу Атырау мұнай өңдеу зауытын жылына жоғары октанды бензинді шығаруды екі есеге ? 1 миллион 100 мың тоннаға дейін арттыруға, авиация керосинін 4 есеге ? 356 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Дизель отынын шығару жылына 1 миллион 400 мың тоннаға дейін артатын болады.