Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту 2016 жылы аяқталады - Қ.Бозымбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту 2016 жылдың соңына дейін яқталады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
«Қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары мәресіне жетіп қалды. Негізгі құрылғы орнатылды, жүйені ретке келтіру жүріп жатыр. Механикалық жұмыстардың аяқталуы биылғы жылдың соңында болады деп күтілуде», - деді министр.
Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары 2017 жылдың соңына дейін аяқтау көзделуде.
«Үш зауыттың жаңғыртылуы аяқталғаннан кейін, біз өзіміздің ішкі нарығымызды 100 пайызға қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі уақытта біз жоғары октанды бензиннің 35 пайызын импорттаймыз», - деп түйді ойын Қ.Бозымбаев.