Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Дамир Бәйменов/ - Атырау мұнай-өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді.
None
None

Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Эльдар Райымбеков хабарлады.

«Өрт сағат 16.05-те ауыздықталды. Өртке шақырудың үшінші нөмірі берілді. Өртті сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің 12 бірлік техникасы және жеке құрамның 40 адамы жұмылдырылды», - деді ол. Өрт сағат 15.10-да шыққан болатын.

Өрт баяу кокстау құрылғысы және мұнай коксін өндіру құрылғысы орналасқан цехтан шыққан.

Соңғы жаңалықтар