Атырау мұнай өңдеу зауытының қазақстандық мазмұны

АТЫРАУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай өңдеу зауыты қазақстандық жеткізілімшілерден ағымдағы жылы 1 миллиард 563 миллион теңгенің тауарларын сатып алады.

Атырау  мұнай өңдеу зауытының  қазақстандық   мазмұны
Тағы 1 миллиард 194 миллион теңге түрлі қызметтерге жұмсалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кәсіпорын жұмысының қазақстандық мазмұны республиканың барлық өңірін түгелге жуық қамтитын болады. Зауыт бірінші кезекте Атырау облысын қамтитын болады. Мұнай өңдеушілер осы облыстың компанияларынан құрылыс материалдарын, деэмульгаторлар, жиһаздар, көбіктендіргіштер алатын болса, Қарағанды өңірі мұнай өңдеушілерге металл прокатын, құбыр өнімдерін, кабель, өткізгіш сымдар жеткізеді. Алматыдан бояу өнімдері мен құрыш құймалары жеткізілсе, Шымкенттен ? трансформаторлар, Ақтөбеден ? құрылыс материалдары, спирт өнімі, Ақтаудан құбыр өнімдері сатып алынады.