Атырау мұнай зауытында жаңғырту мен трансформация табысты жүргізілуде - Ө. Шөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы жүзеге асып жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары мен трансформация табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Бсқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев кеңес барысында мәлім етті.
None
None

«Трансформация - бұл ұзақ үдеріс. Десек те, бүгінгі кеңес барысында біздің осы бағыттағы бастапқы жеңісіміз айқын болып, жақсы нәтижелер қазірдің өзінде көрініп отыр. Мәселен, бейінді емес және қосалқы бөлімдердегі 2400 жұмысшы аутсорсингке шығарылған, жұмыс біршама оңтайландырылып, операциялық тиімділікті көтеру бағытында жобалар жүзеге асуда. Шамамен 151 жанар-жағармай бекеті жеке кәсіпкерлік ортағы берілген. Осының бәрі трансформацияның өнімділігін білдіреді», - деді Ө. Шөкеев.
Сонымен бірге, Басқарма Төрағасы бүгін Атырау МӨЗ жаңғырту нысандарындағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
«Атырау МӨЗ жаңғырту және қайта құрылымдау жобасы мұнайды терең өңдеу кешенін қарастырады. Өңдеу кешені құрылысын аяқтау 2016 жылдың желтоқсан айына жоспарланған»,- дейді Атырау МӨЗ бас директоры Қайрат Оразбаев. Оның айтуынша, аталған кешен қолданысқа енгізілгеннан бастап, К-4 және К-5 бензиндер өндіріліп, ашық мұнай өнімдері (бензин, дизельдік отын) өндірісі артады. Зауыттың өңдеу қабілеті жылына 5-тен 5,5 млн. тоннаға дейін артады.

Соңғы жаңалықтар