Атырау мұнайшылары референдумды қолдап отыр

Слетке қатысқан мұнайшылар, мұнай саласында, Атырау өңірі мен Қазақстанның қол жеткізіп отырған жетістіктері Елбасының атымен байланысты екенін айрықша атап көрсетті.
Былтыр елімізде 80 миллион тоннаға жуық мұнай өндірілді. Қазақстанда тек мұнай-газ өндіру саласы ғана дамып отырған жоқ, геологиялық барлау ісі де жаңа серпін алып отыр. 2010 жылдың қараша айында облыста Лиман кеніші ашылды.
2011 жылы геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көрсеткіші едәуір өсіп отыр, бұл шара мұнай мен газдың жаңа барланған қорларының өсуіне сеп болады. Мұнайшылардың жұмыс жағдайы жақсарды, былтыр олардың жалақысы өсті. Мұнайлы аудандарда жаңа мектептер, ауруханалар, сауықтыру орталықтары салынуда, жолдар төселуде.
Мұнай саласындағы осынау өзгерістерге тоқталған слетке қатысушылар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізуді бірауыздан қолдап, үндеу қабылдады.