Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысына жұмыс сапары барысында индустрия вице-министрі Берік Камалиев жол-көлік апатына ұшырады

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысына жұмыс сапары кезінде Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев жол-көлік оқиғасына ұшырады,

Атырау облысына  жұмыс сапары    барысында индустрия вице-министрі Берік Камалиев жол-көлік апатына    ұшырады

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оқиға вице-министр «Атыраумұнаймаш» зауытына бара жатқан кезде, қала сыртындағы жолда болған.

Үдемелі индустриялық-инновациялық картасының жүзеге асырылу және Индустрияландыру картасының жаңартылу барысына мониторинг жасайтын топты бастаған Берік Камалиев Атырау облысына екі күндік сапармен келген болатын.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Индустрия және сауда министрлігінде еліміздің әр облысына сапармен шығатын жұмыс топтары құрылған болатын. Олар әр облыста Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңестерінің мәжілістерін өткізіп, Индустрияландыру картасына шағын және орта бизнес жобаларын енгізу мәселелерін талқылайтын болады.