Атырау облысында 1 717 санақшы санаққа кірісті

АТЫРАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында бүгін ұлттық санаққа негізгі 1 717 санақшы кірісті және тағы 200 адам жабық мекемелердегі сауалдама құжаттарын толтыратын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Санақшылар 66 009 тұрғын үйді аралап шығады ? өткен жылдың күзінде тіркеушілер осыншама үйді есептеген болатын. Атырау облыстық статистика департаменті бастығының оынбасары Ғ.Мұқанғалиеваның хабарлағанындай, алдын-ала деректер бойынша облыста 498 733 адам тұрады. Атыраулықтардың іс жүзіндегі санының, олардың жасының, ұлтының, діни құрамының қандай екенін санақ қорытындысы бойынша ғана білуге болады.
Соңғы жаңалықтар