Атырау облысында 10 мектеп Білім күні қарсаңында оқушыларды қабылдай алмады, 198 оқу мекемесінің 85-і күрделі жөндеуді қажет етеді - өңір әкімі

АТЫРАУ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атырау облысында 198 мектептің 85-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 11 білім мекемесі апатты жағдайда, деп атап өтті актив жиналысында өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Атырау облысында 10 мектеп Білім күні қарсаңында оқушыларды қабылдай алмады, 198 оқу мекемесінің 85-і күрделі жөндеуді қажет етеді - өңір әкімі

«Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де мәз емес. Бүгінгі күні аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 37 пайызы тегін тамақтануға мүмкіндіктері бар. Мемлекеттің қолдауына зәру балалардың саны артты: егер өткен жылы олардың саны 11 821 адамды құрса, биыл 14 500 болып отыр»,- деп ақпараттандырды аймақ әкімі.

Әкім жаңа оқу жылына мектептер дайындығының нашарлығын өңірдің 40 мектебіне жоспарланған күрделі жөндеуді небәрі екі компания жүргізіп отырғандығымен түсіндірді. Жөндеу жұмыстарын мердігерлік және субмердігерлік компанияларға тапсыруда болған айла-шарғылардың кесірінен биылғы оқу жылы жалпы білім беру мекемелері үшін сәтсіз болды. Атқарылған жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді, онымен қоса, 10 мектеп Білім күніне оқушыларды қабылдай алмады.

«Салынып жатқан білім нысындарының сапасы өте төмен. Мәселен, Мақат ауданында бой көтерген 800 орындық үлкен мектеп дәретханалармен қамтамасызт етілмеген, бұл мәселе жобаның басында да қарастырылмаған», - деді әкім.

Бұған ұқсас жағдай мектепалды білім саласында да бар. Жұмыс істеп тұрған 120 балабақшаның 43-інде күрделі жөндеу жұмыстарын атқару қажет. Сондай-ақ бүгінгі күні 10 мың атыраулық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.