Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында 1300 адам теріс ағымның жетегінде кетсе, соның тек 30-ы ғана райынан қайтып, «үйірге» қосылған

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысында 1300 адам теріс ағымның жетегінде кетсе, соның тек 30-ы ғана райынан қайтып, «үйірге» қосылған. Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан осылай мәлім етті.

Атырау облысында 1300 адам теріс ағымның жетегінде кетсе, соның тек 30-ы ғана райынан қайтып, «үйірге» қосылған

«Былтырдан бері атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде біздің есебіміз бойынша теріс діни ағымдағы 30 адам қайта «үйірге» қосылды, тізімі бар. Жалпы облыс бойынша 1 мың 300 теріс діни ағымдағылар ретінде тіркеуде тұр. Соның 30-ын қайтара алдық. Бұл абақтыда отырғандарды қоспағанда. Ол жақта да арнайы, мақсатты шаралар атқарылуда», - дейді Шыңғыс Мұқан. Облыс әкімінің орынбасары дәл осы бағыттағы жұмыста имам-молдалар көп рөл атқаратынын алға тартады. Яғни, діни ахуалды жақсарту бағытындағы басты құрал - имамдар.

«Біздің мұндай жағдайға жеткеніміз имамдардың кәсіби білігінің төмендігінде болып отыр. Облыста 33 имам болса, соның 5-6-уы ғана кез-келген шаршы топта өзінің айтарын дәлелдеп, басқалар алдында тайқақтамай тегеурінді насихатын жүргізе алады», - дей келе Шыңғыс Мұқан қазіргі уақытта өңірдегі имамдарға бар жағдай жасалып жатқанын, тіпті олардың қауіпсіздігіне қатысты шаралар қаперде екенін жеткізді. Оның айтуынша, облыстағы 3 имам мен Дін істері департаментінің маманы үй-жаймен қамтылған. Арнайы қорлар арқылы жоғары жалақы да тағайындала бастаған. Дегенмен, білікті имам өңірде әлі тапшы.

Жиынды қорыту барысында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф: «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, басқа да облыс имамдарының есебін тыңдап, 27 салафиттің беті бері қайтқаны туралы естідік. Атырау облысында 30 адам деп отырсыз. Бұл құптарлық іс. Дегенмен, 1300 теріс пиғылды жамағатқа араласып кеткендерді еске алсақ, бұл бар-жоғы 2-ақ пайызды құрайды. Яғни, бұл зор жетістік емес, дей тұрғанымен, алғашқы қадам ретінде жоғары бағалауға болады», - деді.