16:51, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырау облысында 2008 жылдың қарашасында орташа жалақы 105 мың теңгеден асты
АТЫРАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында 2008 жылдың қарашасында бір қызметкердің орташа жалақысы 105 145 теңгені құрады.

Бұл бұрнағы жылдың қарашасымен салыстырғанда 10,1 пайыз көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.2008 жылдың қарашасында жалақының орташа деңгейі өмір сүру деңгейінің көлемінен 8 есе, еңбекке ақы төлеудің ең аз мөлшерінен 8,7 есе асқан.