Атырау облысында 2014 жылы ҮИИД бағдарламасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылады

АТЫРАУ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2014 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 5 жобаны жүзеге асырады. Олардың ең маңыздысы Атырау МӨЗ мұнайды тереңнен өндіру бойынша жаңа кешен болмақ.

Атырау облысында 2014 жылы ҮИИД бағдарламасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылады

Олардың жалпы құны 15,2 млрд. теңгені құрайды. ҮИИД бағдарламасы бойынша құрылған жаңа кәсіпорындарда 1022 жаңа жұмыс орны ашылады.