20:15, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Атырау облысында 22 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда
АТЫРАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында биылғы жылдың өзінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыс әкімі Бергей Рысқалиев журналистермен болған кездесуде хабарлады. Өңір басшысының айтуынша, жаңа жұмыс орнының негізгі үлесі ықпалдастырылған мұнай-химия кешенінің Қазақстандағы тұңғыш құрылысында ашылатын болады. Құрылыс Қазақстан Премьер-Министрінің қатысуымен қаңтардың аяғында болып өткен таныстырылымнан басталды. Бұл жерде 12 мың адам жұмыс орнын таппақшы. Тағы да 7 мың адам «Аджип ККО» компаниясының мердігерлік ұйымдарында еңбекпен қамтылатын болады. Онда таяу уақыттары жұмыстың вахталық әдісі енгізіледі.