Атырау облысында 300 метрлік шахтаға құлап кеткен адам іздестірілуде

АТЫРАУ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысының Индер ауданында құтқарушылар 300 метрлік шахтаға құлап кеткен адамды шығаруға әрекеттенуде.
None
None

«Төтенше оқиға 6 желтоқсанда, күннің екінші жартысында орын алды. Индербор кентінің 50 жастағы тұрғыны қараусыз қалған тұзды шахтаға құлап кетті. Ер адамның жақындары көмек қолын созбақ болғанымен шахтаға түсуге бармады. Жұма, 7 желтоқсанда облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері күні бойы құтқару операциясын жүргізді. Алайда, шахтаның бұрыннан қараусыз қалғанына, лифт пен ағаш баспалдақтар ескі болғанына байланысты олар 100 метрден төмен түсе алмады. Жоғалып кеткен адамды іздестіру қараңғының түсуіне байланысты кешке қарай  тоқтатылды. Атыраулық құтқарушыларға көмекке қажетті жабдықтары бар астаналық әріптестері шақыртылды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Сенбі, 8 желтоқсан күні оны іздестіру жұмыстары қайта жалғасады.

Соңғы жаңалықтар