Атырау облысында 4 436 мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды
АТЫРАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Биыл Атырау облысында орта мектепті 4 436 түлек ойдағыдай аяқтады, олар үшін бүгін соңғы рет мектеп қоңырауы соғылды.
Облыстық білім департаментінен хабарлағандай, биыл 95 түлек «Алтын белгіге», 62-сі - үздік аттестатқа үміткер болып отыр.
2010 жылы облыста 9-сыныптарды 10 483 оқушы аяқтайды. Мектеп оқушылары үшін жазда «Тұлпар», «Арай» және «Өркен» атты үш қала сыртындағы сауықтыру-тынығу лагерлері жұмыс істейді.