Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында 7 адамға иіс тиіп, уланып қалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Аққыстау аудан орталығында 7 адамнан тұратын жанұя иіс тиіп, уланды.

Атырау облысында 7 адамға иіс тиіп, уланып қалды

«Отбасындағы ересек үш адам және төрт бала уланды, ең кіші баланың жасы үште. Барлығы ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдай табиғи газбен жылынатын үйде болған. Жылыту жүйесіндегі ақау улануға себеп болған», - деп хабарлады Атырау облысындағы ТЖД.