Атырау облысында 8 жасар қыз бен жүкті әйел коронавирус жұқтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 8 жасар қыз, жүкті әйел мен студент коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
None
None

Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті. 14 жаңа жағдайдың арасында 8 жасар Махамбет ауданының тұрғыны бар. Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, науқастардың ішінде индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар.

4 мамыр күні Астраханнан келген 24 жасар студент те аталмыш дертпен ауруханаға түскен. Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан.
Қазіргі уақытта науқастардың инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.
Ал, қалған 11 науқас туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.


Соңғы жаңалықтар