Атырау облысында алаяқ 27 адамның сеніміне кіріп 4 млн. теңгені қолды еткен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой аудандық сотта алаяқтық бойынша айыпталған әйел адамның сот ісі жалғасуда.
None
None

«Құлсары қаласының тұрғынына ҚР ҚК 177-бабы 2-бөлімі бойынша айып тағылды. Ол адамдардың сеніміне кіріп, кейбірін жалақысы жоғары жұмысқа орналастырмақшы болады, енді бірін ЖОО-ға түсірмекке, тағы біреуіне сауда орындарынан орын алып бермекке уәде еткен. Мұның бәрі, әрине, сөз күйінде қалған. Нәтижесінде алаяқ 27 адамды алдап соғып, 4 млн. теңгені олжалаған», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне Атырау облыстық сот баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Соңғы жаңалықтар