18:55, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Атырау облысында анасын өлтірген ер адам ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Құлсары қаласында анасын өлтірген ер адам қолға түсті.
"Қанды оқиға 15 сәуірде орын алған. Өз үйінде мойнынан ауыр жарақаттанған 67 жасар әйелдің мүрдесі табылды. Жүргізілген тергеуден кейін анасын өлтірген күдікті ретінде Құлсары қаласының тұрғыны ұсталды", - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Ер адамға қатысты қасақана адам өлтіргені үшін жаза қарастырылған бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.