Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында апат салдарынан Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жұмысы тоқтатылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында апат салдарынан Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбырының жұмысы тоқтатылды.

Атырау облысында апат салдарынан Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жұмысы тоқтатылды

«2015 жылы 5 тамызда сағат 3.20-да (Астана уақыты бойынша) «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жұмысы оның желілік бөлігінің 455,5 км.-де судың шығуы себебінің салдарынан тоқтатылған. Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ су құбыры жұмысының технологиялық режімін, су беруді қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінен.

Магистральдық су құбыры арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Еділ тармақтарының бірі Қиғаш өзенінен Атырау және Маңғыстау облыстарын техникалық және ауыз сумен қамтамасыз етеді. Өткен жылы 24 млн. 815 мың текше метр су, ал ағымдағы жылдың 6 айында 11 млн. 89 мың текше метр көлемінде су жеткізілді.