Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
АТЫРАУ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
Атыраулықтардың ұялы телефондарына SMS-хабарлар келіп түсті: өңірде ауа райы бұзылуда, температура төмендеп, ал желдің жылдамдығы бірнеше ауданда секундына 22 метрге жетуі мүмкін.