Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырау облысында балаға көрсеткен азғын әрекеті үшін 30 жастағы ер адам ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданының Кудряшево ауылында балаға қатысты азғындық әрекет жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды.

Атырау облысында балаға көрсеткен азғын әрекеті үшін 30 жастағы ер адам ұсталды

«Анықталғандай, 6 жасар қыз балаға балмұздақ сатып әперемін деп алдаған ер адам оны үйіне кіргізіп, азғындық әрекеттер жасаған. Осы факті бойынша, ҚР ҚК-нің 124-бабының 1-бөлімі («Жас балаларды зорлықсыз азғындату») бойынша қылмыстық іс қозғалды.