Атырау облысында барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасады - Б. Ізмұхамбетов

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасады, деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов есептік кездесуде.
None
None

«Индустрияландыру картасы бойынша 2015 жылы 45 жобаның 10-ы іске қосылды. Жақын арада жылына 2,6 млн. дана бөдене жұмыртқасы мен 2,4 тонна бөдене етін өндіретін зауыт жұмыс істей бастайды. 100 тонна түйе және 350 тонна қой жүнін өңдеу және 400 мың метр шұға мен көрпе-жамылғыш шығаратын трикотаж фабрикасы ашылды», - деді Б. Ізмұхамбетов.

Өңір басшысы алдағы жоспарлар туралы да айтты.
«Облыста фармацевтикалық зауытты іске қосу көзделген. Зауыттың жалпы көлемі - 42 мың шаршы метр. Болжанған қуаттылығы жылына 800 млн. дәрі, 300 млн. капсула, 78 млн. ампула, түрлі дәрілік препараттардың 12 млн. Сауытын шығарады. Жаңа бройлерлік құс фабрикасы 2,6 мың тоннадан астам құс етін шығармақ. Бұл облыс сұранысының 90% қамтамасыз етеді. Тағы бір ерекше жоба - Исатай ауданында жел арқылы жұмыс істейтін жабдықтар орнатылады. Қуаттылығы - 52МВт. Жоба құны 12,3 млрд.теңге, қаржыны жеке кәсіпкерлер бөлді», - деді облыс әкімі.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін 200 млн. теңге бөлінді. 49 нысанда 111 жұмыс орны ашылды. Ұлттық қор арқылы 38 нысанның 7,6 млрд. теңге сомасы қаржыландырылды.
Тұрғын үй құрылысында да өсім байқалады: 550 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бюджеттік қаражат есебінен 1 мың 205 пәтерлі 41 тұрғын үй қолданысқа берілді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғауға да көп көңіл бөлінеді.
««ЭмбіМұнайГаз», «ТШО» және «НКОК» сияқты кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізіп отырамын. Олар жұмыс орнын қысқартпауға сөз берді. Сонымен қатар, 2 523 кәсіпорынмен меморандум жасастық. Онда 115 мың адам жұмыс істейді», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар