Атырау облысында білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен облыстық білім басқармасының басшысы болып Нұрсәуле Сайлауова тағайындалды.

Атырау облысында білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Нұрсәуле Сайлауова 1977 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы психолог және педагог-дефектолог.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматыдағы №136 мектепте психолог болып бастаған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында аға оқытушы болған. 2008 жылдан бастап «Жастар саясаты» орталығының директоры, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті болған. 2014 жылдың шілде айында қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған.