11:13, 02 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырау облысында екі елді мекен табиғи газға қосылды
АТЫРАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/– Жаңа Жыл қарсаңында Атырау облысында Томарлы және Көктем кенттері табиғи газға қосылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екі кент те 2007 жылы осы жер телімінде жеке тұрғын үй құрылысы өрістеуі арқасында жаңадан құрылған болатын. «Көгілдір отынды» іске қосу салтанатында Атырау қаласының әкімі Сәлімжан Нақбаев биыл Томарлы мен Көктем ауылдарын дамыту жалғаса түсетінін айтты. Осында орта мектеп пен балабақша салу жоспарланып отыр.