Атырау облысында электр қуатының тарифі 12,17 пайызға өсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында электр қуатының тарифі 12,17 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментіне «Атырау Жарық» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф бекітуге байланысты өтінім түскен. Осы кезге дейін электр қуатының тарифі қосымша құн салығынсыз 1 кВт/с үшін 5,84 теңге болған.

«Өтінім берудің негізгі себебі – орташа айлық жалақыны өсіру. «Атырау Жарық» АҚ ұсынған жобада тариф қосымша құн салығынсыз 1 кВт/с үшін 7,11теңгені құрады. Жаңа тарифті бұрын бекітілген тарифтен 1,27 теңгеге немесе 21,84 пайызға арттыру көзделген. Департамент мамандары монополист субъектінің өтініміне мұқият талдау жүргізді. Сөйтіп, тарифті 1 кВт/с үшін қосымша құн салығынсыз 6,55 теңге мөлшерінде бекіту туралы шешім қабылданды. Мұнда тарифтің өсуі бекітілген тарифтен 0,71 теңгеге немесе 12,17 пайызға өсіп отыр. Тарифтің өзгеруі өндірістік персоналдың жалақысын 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 103,1%-ға арттыруды көздейді. Тұтастай алғанда, тариф белгілеу процесі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып, монополист субъектілердің ұсынылған материалдарына негізделді», -деп хабарлады жергілікті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда электр қуатының қайта-қайта өшуіне не себеп болғанын жазған едік.

«Батыс аймақтық электр станцияларындағы генерацияланатын қуаттың жетіспеушілігіне және 220 кВ Орал-Атырау транзит желісіндегі қуаттың көбеюіне байланысты транзит желілеріндегі шекті режим кезінде жүктемені өшіру арнайы автоматикасы іске қосылады. Аталған автоматика бір немесе бірнеше қамту желілерін өшіру секілді апаттық келеңсіздіктер кезінде жүктеме түйінінің тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейді», -деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар