21:12, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Атырау облысында қаңтарда 105 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды
АТЫРАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – 2009 жылдың қаңтарында Атырау облысында 105 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Бұл 2008 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 26.2 пайызға артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасына сілтеме жасап.Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өзіндік үлестің ең жоғары көрсеткіші тау-кен өнеркәсібіне тиесілі, мұнда өндіріс көлемі 92 миллиард теңгені құрады. Облыста қаңтар айында 2 миллион 217 мың тонна мұнай, 1 миллиард 39 миллион текшеметр газ өндірілді.