Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көліктегі газ жабдығының ақауынан шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылында «УАЗ» көлігіне орнатылған газ жабдығынан ақау шыққан. Соның салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған.

«Бұл туралы бүгін, 21 қаңтарда сағат 12:56-да хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде автокөлік пен тұрғын үйдің 160 шаршы метр аумақта шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 14:40-та ауыздықталып, сағат 16:10-да толық сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір көлік өртеніп, екіншісі аударылып қалғанын хабарлаған едік.